Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті бойынша Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 19-5/519 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңның 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті ережесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 14-Ө бұйрығының күші жойылған деп танылсын (№ 9088 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2014 жылғы 3 ақпандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде, «Егемен Қазақстан» 5 ақпандағы 2014 жылғы № 24 (28248) газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде кезеңдік басылымдарға және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға оның жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 19-5/519 бұйрығымен
бекітілді