Семей қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI шешімі
(2023.25.12. берілген өзгерістермен)
Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2022.04.11. № 35/244-VII шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 5 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2017.07.12. № 20/125-VI шешімімен (бұр.ред.қара); Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2022.04.11. № 35/244-VII шешімімен (2022 ж. 5 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.04.12. № 14/83-VIII шешімімен (2023 ж. 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2020.29.04. № 52/380-VI шешімімен (бұр.ред.қара); Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2022.04.11. № 35/244-VII шешімімен (2022 ж. 5 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Семей қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2020.29.04. № 52/380-VI шешімімен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. - 2.5. Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2022.04.11. № 35/244-VII шешімімен алып тасталды (2022 ж. 5 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.