«Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 474/1 Қаулысы
(2026.14.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 10 шілдедегі № 266-1945-01-ММ қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 198765 болып тіркелген).
3. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Қ. Беготаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қаласының әкімі | Х. Хабылбеков |
Павлодар қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 3 сәуірдегі
№ 474/1 қаулысына
қосымша
«Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.