2024-2026 жылдарға арналған Қосшыңырау ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 108-12/17 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 23 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2024-2026 жылдарға арналған Қосшыңырау ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 133 795,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 8 985,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 88,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 124 722,0 мың теңге;
2) шығындар - 133 795,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо -0, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0.
2. Қалалық бюджеттен Қосшыңырау ауылдық округі бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2024 жылға - 124 831,0 мың теңге, 2025 жылға - 134 950,0 мың теңге, 2026 жылға - 132 699,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2024 жылға арналған Қосшыңырау ауылдық округі бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы | И. Құттықожаев |
Қызылорда қалалық мәслихатының
2023 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 108-12/17 шешіміне 1-қосымша
2024 жылға арналған Қосшыңырау ауылдық округінің бюджеті
| Санаты | Сомасы, мың теңге |
| | Сыныбы |
| | | Кіші сыныбы |
| | | | Атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |