Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 7 қазандағы № 19-42-3.3.17 бұйрығы
(2022.15.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі осы бұйрықтың 1 - 4-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің қаржы және бухгалтерлік есеп секторы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары - бас бухгалтер Е.К.Арпабаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы | Н. Онжанов |
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі