«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 12 қыркүйектегі № 653 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 596 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10 үй, «Kazyna Towers» бизнес орталығы».