Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығы
(2025.12.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.12.09. № 653 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 18 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 596 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.08.11. № 989 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.20.07. № 590 бұйрығымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1) осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;