«Қарағанды облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 наурыздағы №14/05 және Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы №141 бірлескен қаулысы және шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 39/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2024 жылғы 20 маусымдағы № 182 шешімі
Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қарағанды облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 14/05 және Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 141 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2317 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.