Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 481 Қаулысы
(2024.25.07. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |
Қостанай облысы әкімдігінің 2022.06.01. № 3 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қостанай облысы әкімдігінің
2021 жылғы 20 қазандағы
№ 481 қаулысымен
бекітілген