Сауда қызметі реттеу саласындағы әкімшілік көрсеткіштері, нысандарды есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің Бірінші вице-министрі 2024 жылғы 1 қазандағы № 345-НҚ бұйрығы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Сауда қызметін реттеу саласындағы әкімшілік көрсеткіштері, нысандарды есептеудің қоса беріліп отырған әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда саясаты және стратегиялық жоспарлау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы | А. Бижанова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стартегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 1 қазандағы
№ 345 бұйрығымен
бекітілген
Сауда қызметін реттеу саласындағы әкімшілік көрсеткіштерді, нысандарды
ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
1 бөлім.
Есептеуге жататын әкімшілік көрсеткіштердің тізбесі
| № | Нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткішінің атауы | Өлшем бірлігі | Деректердің түрлері ресми статистикалық ақпарат, халықаралық статистика, әкімшілік деректер) |
| 1. | Тұтынушылардың шағымдары бойынша мәліметтер | бірліктер | Әкімшілік деректер |
| 2. | Мемлекеттік бақылау жөніндегі мәліметтер | бірліктер | Әкімшілік деректер |
2 бөлім.
«Тұтынушылардың шағымдары бойынша мәліметтер» әкімшілік көрсеткішін есептеу алгоритмі (бірлік)
| 1. | Әкімшілік көрсеткішті анықтау (ұғымдық аппарат) | Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тұтынушылардың шағымдары бойынша мәліметтер |