«Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 456 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 450 бұйрығы
Құрылымдық және кадрлық өзгерістерге байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 456 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуелсіз сараптама комиссиясының кұрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н.Ә. Байжанов) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен (Ғ.С. Нығыметов) бірлесе отырып, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу үшін Тәуелсіз сараптама комиссиясы отырысының өткізілуін ұйымдастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 12 шілдедегі
№ 450 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 13 сәуірдегі
№ 271 бұйрығымен
бекітілген
Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы
1. | Суханбердиева Эльмира Амангельдіқызы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төраға |
2. | Байжанов Нұрсейіт Әбсаттарұлы | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, төраға орынбасары |
3. | Төребекова Зулфия Темірханқызы | - | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры орынбасарының міндетін атқарушы, төраға орынбасары |