«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 282 бұйрығы
«2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңына, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1207 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы жағдайды талдау және тәуекелдерді басқару» деген 2-бөлім осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
«Саланы/аяны дамытудың басым бағыттары» 3-бөлім:
«Азаматтар мен ұйымдардың құқығын іске асыруды қамтамасыз ету» деген 2 стратегиялық бағытта:
«Сот-сараптама қызметін халықаралық аккредиттеу» деген бөлігін осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
«Ресурстар» деген 6-бөлім осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты қабылданғаннан кейін он күнтізбелік күні ішінде Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі | М. Бекетаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов
2017 жылғы«___» _____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
Б. Сұлтанов
2017 жылғы«___» _____________
Қазакстан Республикасы
Әділет министрінің