Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 142 бұйрығы
(2026.12.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 14-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | Д. Ахмед-Заки |
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024.26.07. № 371 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.15.11. № 523 бұйрығымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2026.12.03. № 130 бұйрығымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
міндетін атқарушысының
2024 жылғы 3 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына 1-қосымша
Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның
құрамы
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысы, комиссия төрағасы;
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы;
3. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, комиссия мүшесі;
4. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, комиссия мүшесі;