Қазақстан Республикасы құзыретін таныған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының сұрау салуларын және пайымдауларын қарау жөніндегі кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2022 жылғы 1 ақпандағы № 26 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 405 қаулысымен бекітілген Адам құқықтары саласындагы бірінші кезектегі шаралар жоспарының 9.8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы құзыретін таныған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының сұрау салуларын және пайымдауларын қарау жөніндегі қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2, 3-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы құзыретін таныған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының сұрау салулары мен пайымдауларын қарау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының ереже және құрамы бекітілсін.
2. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасарына, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына және Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры | Ғ.Нұрдәулетов |
| Қазақстан Республикасының Әділет министрі | Қ.Мусин |
| Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары | Ш.Нұрышев |
Қазақстан Республикасының
Бас Прокурорының
2022 жылғы 1 ақпандағы № 26
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
20 __ жылғы«___»________ №__
және Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
бірінші орынбасарының
20__жылғы «___ »______ № __
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы құзыретін таныған адам құқықтары жөніндегі шарттық органдарының