«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шілдедегі № 717 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Т.К. Жаңғарашев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Б. Шолпанқұлов |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 31 шілдедегі
№ 717 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 306 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініңМемлекеттік кірістер комитеті туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер