«Мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 187 «Рудный қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2018 жылғы 13 маусымдағы № 259 шешімі
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 104, 106 және 109-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 187 «Рудный қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7445 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Рудный қаласының 2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 15 457 163,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 12 341 382,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 35 553,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 1 453 686,0 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша - 1 626 542,5 мың теңге;
2) шығындар - 16 126 599,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 20 000,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 20 000,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 37 333,5 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 37 333,5 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 686 769,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 686 769,1 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.