Ақтау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 1073 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 11-07-1948 Қаулысы
Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы» Ақтау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 1073 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3891 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2 қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтау қаласының әкімі | А. Байпаков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақтау қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы
Ақтау қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 30 шілдедегі
№ 11-07-1948 қаулысына
қосымша
Ақтау қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 20 мамырдағы
№1073 қаулысына
2 қосымша
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
| Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
| Ақтау қаласы | 2 шағын аудан, Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында |
| 3 шағын аудан, №145 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында |
| 3А шағын аудан, №12 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында |
| 3 шағын аудан, №10 үйдің артындағы аялдаманың оң жағында |
| 4 шағын аудан, №7 үйдің алдындағы аялдаманың оң жағында |