Кентау қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы
Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2024 жылғы 18 шілдедегі № 268 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 30 бабының 4 тармағына, 31 бабының 2 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 64, 65 бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №123 «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгілік регламенттерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кентау қаласы әкімдігінің Регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Кентау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 185 «Кентау қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Кентау қаласы әкімдігінің
2024 жылғы 18 шілдедегі
№ 268 қаулысымен бекітілген