Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 бұйрығы
(2014.03.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014.03.10. № 3-3/503 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 13) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Тоқсеитова Р.Ә.) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. «Асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 614 бұйрығының (Мемлекеттік тізілімде 2004 жылғы 16 қарашада 3206 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 9 қарашада № 143 «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014.03.10. № 3-3/503 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің м.а. | А. Евниев |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 792 бұйрығымен
бекітілген
Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімінің
жүргізу ережесі
1. Жалпы мәліметтер
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014.03.10. № 3-3/503 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)