Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө Өкімі
(2016.27.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 23 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
| Премьер-Министр | К. Мәсімов |
ҚР Премьер-Министрінің 2016.07.07. № 55-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2016.27.10. № 628 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 11-ө өкімімен
бекітілген
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры, хатшы;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);