Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 Өкімі
(2017.20.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2014.17.09. № 911 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2015.19.05. № 2 Өкімімен (бұр.ред.қара); 2016.08.02. № 191 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Президентінің 2016.09.06. № 275 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2016.10.10. № 357 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2017.20.10. № 568 Жарлығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында мынадай құрамда Комиссия құрылсын:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, басшы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы