«COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 850 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 668 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 850 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
Қазақстан Республикасының өндірушілеріне вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2021 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 668 қаулысына
қосымша
COVID-19 коронавирусына
қарсы вакциналарды уақытша
мемлекеттік тіркеу қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының өндірушілері вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу үшін ұсынатын құжаттардың
тізбесі
| Р/с № | Құжаттың атауы |
| 1 | 2 |
| I бөлім Жалпы құжаттама* |
| IA1. | Қазақстан Республикасының аумағында шығарылса - нотариат куәландырған GMP сертификаты (бар болса). Өндірістік және технологиялық процестердің толық циклын немесе бір бөлігін тасымалдау (трансфер) негізінде шығарылса - нотариат куәландырған GMP сертификаты. |
| I А2. | Фармацевтикалық қызметке мемлекеттік лицензияның көшірмесі (нотариат куәландырған) (бар болса) |
| I А3. | Лицензияға қосымшалар (бар болса) |
| I А4. | Егер өндірістік процеске бірнеше өндіруші қатысса, ІА2, ІА3, ІА4 тармақтарының құжаттары өндірістің барлық қатысушыларына ұсынылады |
| I А5. | Өндіру құқығына лицензиялық шарт (келісім) (түпнұсқа препаратқа патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін) (бар болса) |