Балқаш - Бурылбайтал республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 134 бұйрығы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Балқаш - Бурылбайтал (бұдан әрі - км) учаскесі 1864+000 километр - 1955+000 км (M-36) I-б санатты республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы учаскесі (бұдан әрі - ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылады;
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: «Балқаш - Қарағанды - Қарқаралы - Аягөз - Талдықорған - Көктал - Шунджа - Көкпек - Алматы - Құрты - Бурылбайтал» автомобиль жолы;
3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті -1864+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті -1955+000 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы - I-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені - кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолындағы қозғалыс жолақтың саны - екі бағытта - 2 жолақ;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы - 91 км;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі - 20 жыл деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.