«Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 3/628 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) Мекемені Алматы қаласының әділет органдарында қайта тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласының әкімі | Д. Сатыбалды |
Алматы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 3/628 қаулысына 1-қосымша
«Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер