Атырау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 102 шешімі
(2024.16.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Атырау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Атырау қаласы Мәслихатының кейбір шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы | Н. Құрман |
Атырау қаласының Мәслихатының
2024 жылғы 12 сәуірдегі
№ 102 шешіміне
1 қосымша
Атырау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Атырау қаласында тұратын, жалғыз тұрғынжайы ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):