Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы № 273/НҚ бұйрығы
(2023.19.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 2 қарашада және 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 5 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тізілімді Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының м.а. 2023.24.05. № 125/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.19.06. № 158/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара) тізімі өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі төрағасының
2022 жылғы 11 қазандағы
№ 273/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің
мемлекеттік тізілімі
1. Мемлекеттік монополия субъектілері
| Р/с № | Мемлекеттік монополия субъектісінің атауы | Заңды мекен-жайы | Мемлекеттік монополияға жататын қызмет түрлері | Негіз |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |