«Атом энергиясы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 747 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 811 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 426 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 35 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Атом энергиясы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 747 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 811 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12678 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) қызметін осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі III санаттағы объектілермен;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі IV санаттағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерге қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парақтары бекітілсін.»;
Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген атом энергиясы саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;