«2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 54-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 57-5 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 54-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4480 болып тіркелген, электрондық түрде 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшадағы «64743958» сандары «67357421» сандарымен ауыстырылсын;
«49707479» сандары «52320942» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «88592602» сандары «89821749» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «-23948644» сандары «-22564328» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «23948644» сандары «22564328» сандарымен ауыстырылсын;
«25881914» саны «24497598» сандарымен ауыстырылсын.
2 тармақта:
«900000» сандары «851200» сандарымен ауыстырылсын.
Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды қалалық мәслихаттың бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және.
| Тараз қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы | М. Мырзахметов |
| Тараз қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Кулекеев |
Тараз қалалық мәслихатының
2020 жылғы 28 сәуірдегі
№ 57-5 шешіміне қосымша
Тараз қалалық мәслихатының
2019 жылғы 20 желтоқсандағы
№54-3 шешіміне 1 қосымша
Тараз қаласының 2020 жылға арналған бюджеті