ҚР СТ ISO TS 12812-3-2018
Банк жүйелері
Мобильдік қаржы қызметтері
3-бөлім.
Мобильдік қосымшалардың өмірлік кезеңін басқару
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитеті
(Мемстандарт)
Мазмұны
Кіріспе
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Терминдер мен анықтамалар
4. Белгіленулер мен қысқартулар
5. Қосымшалардың өмірлік кезеңін басқарудың негізгі қағидалары
6. Қосымшаның орналасқан жері
7. Қызмет көрсетуді басқару рөлдері
8. Қосымшалардың өмірлік кезеңінің функциялары мен үдерістері
9. Қызмет көрсету үлгілеріне арналған сценарийлер
Библиография
В.А қосымшасы (ақпараттық). Стандарттардың сілтемелік халықаралық, өңірлік стандарттарға, шет мемлекеттердің стандарттарына сәйкестігі туралы мәліметтер
Кіріспе
Қаржы қызметтерін жүзеге асыру (яғни, төлемдер мен банк операциялар жүргізу) үшін мобильдік құрылғыларды пайдалану осы қызметтерді жүзеге асыру үшін интернетті пайдаланатын клиенттердің санының тұрақты өсу себебіне байланысты орын алып отыр. Дамушы нарық ретінде, мобильдік қаржы қызметтері дамуда және әр түрлі негіздерде, әлемнің әр түрлі өңірлерінде, сондай-ақ осындай қызметтердің әр түрлі провайдерлерінің арасында енгізілуде. Осы жағдайларда, ҚР СТ ISO 12812 (барлық бөліктерінің) мақсаты мобильдік қаржы қызметтерінің функционалдық үйлесімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын ынталандыруға және көтермелеуге құралған. Солай болғанымен, қызметке мүдделі барлық тараптар дамудан пайда алғаны, ал қызмет провайдерлері өздерінің жеке бизнес стратегияларын іске асыру үшін қаржылық жағынан еркін және бәсекеге қабілетті болып қалғаны маңызды. ҚР СТ ISO 12812-де (барлық бөліктерінде) мобильдік құрылғыны қаржы қызметіне енгізумен байланысты пайда болған жаңа компоненттер мен интерфейстердің әсерін қарау жолымен тек техникалық деңгейде ғана функционалдық үйлесімділік қарастырылады. ISO 12812 (барлық бөліктерінде) мақсат қойылады: