«Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 223-НҚ бұйрығы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 110 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2023 жылғы 30 мамырдағы
№ 223-НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 110 бұйрығына
2-қосымша
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі
комиссияның құрамы
| Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Комиссия төрағасы |
| Ысқақов Қанат Жұмабайұлы | - | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Комиссия төрағасының орынбасары |