2024-2026 жылдарға арналған Зачаган кентінің бюджеті туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8-3 шешімі
(2024.06.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Орал қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2024.06.03. № 9-5 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2024-2026 жылдарға арналған Орал қаласының Зачаган кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 2 777 138 мың теңге:
салықтық түсімдер - 296 649 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 977 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 186 мың теңге;
трансферттер түсімі - 2 476 326 мың теңге;
2) шығындар - 2 807 785 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 30 647 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 30 647 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 30 647 мың теңге.
2. 2024 жылға арналған Зачаган кентінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Орал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 7-2 «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптастырылады.