«Петропавл қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 1546 қаулысына өзгертулер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 17 наурыздағы № 376 Қаулысы
Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Петропавл қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 1546 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7433 болып тіркелді) мынадай өзгертулер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Петропавл қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы»;
қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Петропавл қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін.»;
Көрсетілген қаулымен бекітілген Петропавл қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.