«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 2 наурыздағы № 59 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 34 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 2 наурыздағы № 59 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында бекітілгеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2025 жылғы «___» ________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2025 жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2025 жылғы 28 ақпандағы
№ 34 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 2 наурыздағы
№59 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары
1-бөлім. Пайымы