2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Ұлытау облысының әкімдігінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 46/02 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Занының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1, 2- қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау облысының әкімі | Б. Әбдіғалиұлы |
Ұлытау облысының әкімдігінің
2024 жылғы 23 шілдедегі
№ 46/02 қаулысына қосымша
1-қосымша
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлаудың 2024-2025 оқу жылына арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысы
| № | Білім деңгейінің, мамандық және біліктілік коды | Мамандықтың атауы | 2024-2025 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемі (орын саны) күндізгі оқыту нысаны/ радиациялық қауіп аймағында | Оқу жылында бір маманды оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар/ радиациялық қауіп аймағында, теңге |
| қала | ауыл |
| Білім |
| 1 | 01120100 | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | 40 | 406 125 | - |
| 2 | 01140100 | Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі | 50 | 406 125 | - |
| 3 | 01140600 | Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | 40 | 406 125 | - |
| 4 | 01140700 | Информатика | 25 | 406 125 | - |
| 5 | 01140500 | Дене тәрбиесі және спорт | 45 | 406 125 | - |
| Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
| 6 | 02150100 | Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша) | 15 | 1 220 559 | - |
| 7 | 02150300 | Вокалдық өнер | 15 | 1 220 559 | - |
| 8 | 02150400 | Хор дирижері | 5 | 1 220 559 | - |
| 9 | 02150500 | Актерлік өнер | 10 | 1 220 559 | - |
| 10 | 02151000 | Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша) | 15 | 1 220 559 | - |
| Тілдер |