«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 218 Қаулысы
(2022.08.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Кешенді жоспарды орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) жартыжылдық негізде, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдық негізде, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 14 сәуірдегі
№ 218 қаулысымен
бекітілген
«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы»
кешенді жоспары
Бүгінгі күні кедейшілік пен жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейінің проблемалары бойынша мынадай жағдай байқалуда.