Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 288 Қаулысы
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 769 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 4 және 6 тармақтарына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес берілсін.
2. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Б.Төлегенге жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Шымкент қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
Е.Бектұрғанов
4 наурыз 2015 жыл
Шымкент қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 4 наурыздағы
№ 218 қаулысына
1-қосымша
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың
тізімі
| № | Атауы | Мекен-жайы |
| 1. | Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | Шымкент қаласы, Б.Момышұлы, № 53 |
| 2. | Шымкент қаласы білім бөлімінің «№ 52 М.Өтемісұлы атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Шымкент қаласы, Әл-Фараби көшесі, № 102 |
| 3. | Шымкент қаласы білім бөлімінің «Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | Шымкент қаласы, Жангелдин көшесі, № 17 |
| 4. | Шымкент қаласы білім бөлімінің «№ 9 Ө.Жолдасбеков атындағы лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, № 40 |