Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 121 шешiмi
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кентау қалалық мәслихатының төрағасы | Қ.Елеусизов |
Кентау қалалық мәслихатының
2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 121 шешіміне қосымша
Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
| № | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық есептік нормалары, м3 |
| 1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,95 1,061 |
| 2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1 |
| 3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1 |
| 4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,3992 |
| 5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,275 |
| 6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,275 |
| 7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1 |