«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 88 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы салаларында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының келісімі болған кезде медицина қызметкерінің уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзғаны үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы салаларында бақылау, сондай-ақ медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы қадағалау мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіреді»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: