Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 маусымдағы «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 179/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 257/3 Қаулысы
Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 10 маусымдағы № 144/2 Қаулысымен күші жойылды
Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 маусымдағы «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 179/2 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысы әкімдігінің
2023 жылғы 20 қазандағы
№ 257/3 қаулысына
қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы «24» маусымдағы
№ 179/2 қаулысымен
бекітілді
«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1-тарау. Негізгі ережелер
1. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) өз құзыреті шегінде Павлодар облысының аумағында денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыруға Павлодар облысының әкімдігі уәкілеттік берген, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орган болып табылады.