Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 181 қаулысымен бекітілді
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 55 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) жатақханасы бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - Стандарт) стандартына 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына жатақхана беру туралы жолдама мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі (өзара іс-әрекет) іс-әрекеттерінің тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекеті) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімнің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекетінің) мазмұны және нәтижесі:
1) көрсетілетін қызмет алушы көрсетілетін қызмет берушіге қажетті құжаттарды қоса отырып, Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде өтініш береді 15 (он бес) минуттан артық емес;