Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 55 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2020 жылғы 18 ақпандағы
№ 55 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының
тізбесі
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 162 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4366 тіркелген, 2015 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).