Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласы Павлодар ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерің санын бекіту туралы» 2014 жылғы 02 шілдедегі № 282/39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 132/18 шешімі
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 81/9 шешімімен күші жойылды
Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының «Павлодар қаласы Павлодар ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерің санын бекіту туралы» 2014 жылғы 02 шілдедегі № 282/39 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3930 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Павлодар қаласы Павлодар ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласы Павлодар ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 - тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы | С. Қалижанова |
Павлодар қалалық мәслихатының
2022 жылғы 7 сәуірдегі
№ 132/18 шешіміне қосымша
Павлодар қалалық мәслихатының
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 282/39 шешімімен бекітілген
Павлодар қаласы Павлодар ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің
қағидалары
1 -тарау. Жалпы ережелер