2025 жылға арналған Ақтөбе облысының ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 13 қарашадағы № 326 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабының 1- тармағы 2), 3), 4) тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 446 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33564 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2025 жылға арналған Ақтөбе облысының ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2025 жылға арналған Ақтөбе облысының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 2025 жылға арналған Ақтөбе облысының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.