Павлодар қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру беретін мектептерге тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 771/1 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 3-тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес Павлодар қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары бекітілсін.
2. Осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес Павлодар қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау тәртібі бекітілсін.
3. Павлодар қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы «Павлодар қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру беретін мектептерге тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы» № 738/12 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4621 болып тіркелді);
2) Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы «Павлодар қаласының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру беретін мектептерге тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы» № 738/12 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 1464/21 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4831 болып тіркелді).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Аманов
Павлодар облысы Павлодар
қалалық әкімдігінің
2024 жылғы 17 маусымдағы
№ 771/1 қаулысына
1-қосымша
Әуеқалашықта және Кенжекөл ауылының Байдала, Долгое бөлімшелерінде тұратын балаларды Кенжекөл ауылының жалпы орта білім беру мектебіне тасымалдау схемасы

Шартты белгілер:
