«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 148 Қаулысы
(2012.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2016 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының 4-бабының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЫЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесі бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 466 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2669 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2004 жылғы 2 сәуірде № 67 (24377) жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 30 наурыздағы № 65 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4667 тіркелген)
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;