Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 635 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 28 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 62-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және аумақтық әділет органдарының басшылары Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрық қабылданғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
| «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _____________ Р. Дәленов 2019 жылғы «___»_________ | «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі ______________ Б. Шолпанқұлов 2019 жылғы «___» ___________ |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 635 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы және ұстанымы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) миссиясы: өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету.