ҚР СТ 3888-2023
Сот-наркологиялық зерттеу
Терминдер мен анықтамалар
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитеті
(Мемстандарт)
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Терминдер мен анықтамалар
Библиография
Осы стандарт Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толығымен немесе бөлшектеліп басылып шығарыла, көбейтіле және таратыла алмайды.
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт сот-наркологиялық зерттеу саласындағы терминдер мен анықтамаларды белгілейді.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта нормативтік сілтемелер жоқ.
3. Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
3.1 Алкоголизм: Алкогольді мас болатын мөлшерде, спирттік ішімдіктерді жүйелі түрде қолдану.
3.2 Антиген: Арнайы антиденелердің биосинтезін тудыруға қабілетті зат.
3.3 Антидот: Удың ағзаға әсерін тоқтататын немесе әлсірететін дәрілік зат.
3.4 Апоптоз: Ағзаның әртүрлі стресстік факторларға, соның ішінде созылмалы алкогольді тұтынуға бейімделу механизмдерін жүзеге асыру тәсілдерінің бірі.
3.5 Аутолиз: Ферменттер жүйесінің әсерінен тіннің, жасушаның немесе жасуша бөлігінің өздігінен жойылу процесі.
3.6 Тосқауыл функциялары: Ағзаны және оның жекелеген бөліктерін қоршаған ортаның өзгеруінен қорғауды және қалыпты өмір сүру үшін қажетті құрамның тұрақтылығын, ішкі ортаның физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерін (қан, лимфа, тіндік сұйықтық) сақтауды қамтамасыз ететін физиологиялық механизмдер.
3.7 Биологиялық қауіпсіздік: Адамдардың, ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдіктерінің, қоршаған табиғи ортаның биологиялық-әлеуметтік төтенше жағдай көзінен туындаған немесе туындайтын қауіптерден қорғалу жағдайы.
3.8 Биологиялық терроризм: Саяси және материалдық мақсаттарға жету үшін адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін қауіпті биологиялық агенттерді пайдалану.