«Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 18 ақпандағы № 26 бұйрығы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 4 қазанда № 8780 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Кадр жұмысы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының барлық қызметкерлері таныстырылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры | Б. Асылов |
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2026 жылғы 18 ақпандағы
№ 26 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының