Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 92 «Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 316 шешімі
Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 92 «Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8459 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қобда аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Ергалиев |
Қобда аудандық мәслихатының
2025 жылғы 28 сәуірдегі
№ 316 шешіміне қосымша
Қобда аудандық мәслихатының
2023 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 92 шешіміне қосымша
Қобда ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
Қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер