2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 57/404-VI шешiмi
Осы редакция 2021 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, 75 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5953 тіркелген шешіміне сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арыс қаласының 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер - 14 423 336 мың теңге:
салықтық түсiмдер - 1 412 254 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 14 325 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер - 47 834 мың теңге;
трансферттер түсiмi -12 948 923 мың теңге;
2) шығындар - 14 423 336 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 15 460 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 21 878 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу -6 418 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 15 460 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 15 460 мың теңге:
қарыздар түсімі - 21 878 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 6 418 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0.
2. 2021 жылға корпоративтік табыс, жеке табыс салықтары және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері: